Актёр, режиссёр, кинопродюссер Рүстем Жаныаманов өмірі мен өнері жайлы ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында актёр Дариға Бадықованы жұмыс бабымен, әріптес ретінде қызғанатынын айтты.

“Партнер ретінде қызғанамын. Қаншалықты күлкілі болса да айтайын, мен қызғанамын. Қанша дегенмен бауыр басып қаласың. Жарайды енді, өзің қара деп бұлданып қаласың. Олжаспен түсейін деп жатыр екенсің ғой, жарайды енді деп қаламын кейде. Бұл енді әзіл, шын аралас әзіл ғой”,- деді ол.