Чилидің солтүстігінде тұратын тұрғындар сирек кездесетін табиғи құбылыстың куәсі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әлемдегі ең құрғақ өңірлердің бірі саналатын Атакама шөлінде қар жауды.

Бұл ерекше көріністі ALMA обсерваториясының қызметкерлері бұрынғы Twitter, қазіргі X әлеуметтік желісіндегі парақшаларында бөлісті.

Сену қиын! Әлемдегі ең құрғақ шөлді қар басты, — делінген жазбада.

Мамандардың айтуынша, обсерваторияның негізгі ғимараты маңында соңғы 10 жылда алғаш рет қар түскен.

Атакама шөлі — Жер бетіндегі ең құрғақ шөлдердің бірі. Ол Чилидің солтүстігінде, Тынық мұхиты жағалауында, мұхит пен Анд тауларының аралығында орналасқан. Бұл жерде жауын-шашын өте сирек түседі: кейбір өңірде жылдар бойы тамшы жаңбыр жаумаған. Тіпті кейбір нүктелерде жылдық орташа жауын-шашын мөлшері бір миллиметрден де аз.

AWESOME! The Atacama Desert in Chile, the driest in the world, is SNOWY!