Мұндай статистикалық деректерді Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова айтып берді.
Оның сөзінше, Конституциялық сотқа азаматтардан 10,5 мыңнан аса өтініш келіп түскен, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
– Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық соттың Жолдауын жыл сайын тыңдау Конституцияның өзінде бекітілген. Бұл – конституциялық бақылау органына деген институционалдық сенім. Бүгінде бізге азаматтардан 10,5 мыңнан астам өтініш түсті. Оның шамамен үштен бір бөлігі соңғы 1,5 жылға тиесілі. Әрі басым бөлігі қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, жер, салық және әлеуметтік заңнаманың нормаларына қатысты, – деді Эльмира Әзімова.
Конституциялық сот төрағасының айтуынша, көптеген өтініш заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстарды, сонымен қатар қолданыстағы заңнаманың нормаларын құқықтық түсіндіруге сұрау салуларды қамтып отыр.
– Бұл – сигнал азаматтардың не ойлайтынын, нені талдайтынын, не ұсынғысы келетінін және өзін естуін қалайтынын білдіретін белгі. Азаматтардың құқықтық санасының мұндай өсуі бізден заң шығарушылар мен мемлекеттік институттардан кері реакцияны талап етеді. Әділет министрлігінің мұндай бастамаларды "Ашық нормативтік құқықтық актілер" және жасанды интеллектіні қолдануды қоса алғанда, заң консультациялары жобалары аясында ескеруін ұсынамыз, – деп түсіндіре кетті ол.