Қазақстан экономикасы 2024 жылы тұрақты өсім көрсетті. Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жалпы ішкі өнім 4,8%-ға артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Мұнай секторы өсуге негізгі үлес қосты. Шоғырландырылған бюджеттегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, былтыр 2,5 пайыздық тармаққа өсті, — деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, инфляция деңгейі 8,6%-ға дейін төмендеді.
Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті, — деп нақтылады ол.
Сонымен қатар министр «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында әр балаға $233 есептелгенін тілге тиек етті.