Синоптиктер болжамы белгілі болды .
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Астанада найзағай күтіледі. Күн райы ел астанасында құбылмалы болады.
Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ ал күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с. Түнде және таңертең найзағай болады.
Қарағанды облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-17 м/с жетеді. Батысы мен шығысында және оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай мен бұршақ болады.
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, шығысында екпіні 15-17 м/с жетеді. Батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін жетеді.
Абай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: солтүстігі, оңтүстігі және орталығында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы мен Қонаевта кей кездері найзағай күтіледі. Жел батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады: шығысы, солтүстігі және таулы аймақтарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, таулы жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте – өте жоғары өрт қаупі.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауруына ем іздегенде Google не жасанды интеллектке сүйенетіндер көп
Қызылорда облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында кей кездері қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 23 м/с дейін жетеді. Батысы мен орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман болады. Жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында кей кездері қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жел екпіні 15-18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, найзағай болады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.