Қытайдың оңтүстік-батысындағы қатты су тасқыны салдарынан Гуйчжоу провинциясындағы көліктерді су басып, көлік иелеріне шығын келтірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 80 мыңнан аса адам эвакуацияланғаны белгілі:

  • Жунцзян округінде 48 900 тұрғын эвакуацияланды;
  • Цунцзян округінде 32000 адам эвакуацияланды;

Дулиу өзеніндегі су деңгейі 6,68 метрге асып кетті.

Су тасқынының видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Суға батқан көліктерді қалпына келтіру қымбатқа түседі және көп уақыт алады.

Қаражаттың бір бөлігін қайтарудың бір жолы — көлікті аукционда сату. Желі қолданушылары бұл жайтты қызу талқылап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!