Шымкенттік тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді, деп хабарлайды 24kz.

«Заң және тәртіп» апталығы аясында өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдауға құзырлы органдар мен әкімдік өкілдері қатысып, халықты толғандырған мәселелерді тыңдады. Жер және тұрғын үй дауы, еңбек қатынасы мен коммуналдық қиындықтарға қатысты шағымдарды тіркеп, заң тәртібімен шешу жолын ұсынды. Сонымен қатар қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілердің туған-туыстарына да түсінік берілді.

Айта кетейік, барлық ауданды қамту мақсатында ұйымдастырылып жатқан көшпелі қабылдау апта соңына дейін жалғасады.

Хантөре Хандиллаев, қала прокуратурасының басқарма бастығы:

- Бүкіл мемлекеттік органдар мен құқық қорғау, құзырлы органдар «Бір терезе» қағидасымен бір жерден қызмет көрсетеді. Келген адам қанша, қоғамдық қатынастардың қай саласы болсын бір жерден өзінің сұрақтарына жауап алып кете алады. Шағымдары болсын, өтініштері болсын оны түбіне дейін жеткізіп, нүктесін қоятын боламыз.