Қазіргі уақытта полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғап үлгерген.

Бейнежазбадан ер адамның бойжеткенді асқан аяусыздықпен ұрып, тіпті тепкілегенін байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соққыдан соң никаб киген әйел лифтіге кіреді. Тысқа шығып бара жатқан ер адам соны байқап, екі мәрте лифтіге еніп, әйелді тағы да ұрған.

Телеграм арналарында тараған ақпаратта оқиғаның Атырауда болғаны жазылып тұр.

Бірінші қабатта орналасқан пәтерден шыққан әйелді көрген соң ғана ер адам тысқа шығып кетеді.

Аталған оқиғаға қатысты Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі былайша хабарлайды.

– Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, – деп мәлімдеді департаменттегілер.