Желіде ер адам никаб киген қызды ұрып жатқан сәтінен видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушыларының жазуынша, бұл жағдай Атырау қаласы Береке шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Ер адамның әйелді ұрып жатқан сәті тұрғын үйдің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Видеодан ер адамның әйелді бірнеше рет ұрып, басынан тепкенін байқауға болады.
Әйел соққыдан құлап қалса да, ер адам оны ұрып-соқан.
Кейін ештеңе болмағандай кетіп қалған.