Трамп айтуын айтып, әлемге жар салғанымен , Иран Израильмен бітімге келген жоқ. Бұл туралы Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Израиль басқыншылық әрекетін Тегеран уақытымен таңғы 4:00-ге дейін доғарса ғана Иран қарымта шабуылын тоқтатады. Сөйтіп, екі жақ атысты кім бірінші тоқтады деп даурығып жатыр. Ал қарулы қақтығыстың әзір басылатын түрі жоқ.