Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

Таиландтың Ройет провинциясында 2025 жылдың 18-22 маусым аралығында 6-шы Азия U21 жағажай волейболы чемпионаты атмосферасы бұрынғыдан да жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бұл турнир әлемдік жарыстарға жол ашып, FIVB U21 әлем чемпионатына тікелей жолдама берді.

Турнирге Аустралия, Қытай, Жапония, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Оман, Өзбекстан, Мальдив аралдары, Гонконг, Вьетнам, Малайзия, Сингапур, Ливан, Таиланд, Қырғызстан және Гуам елдері қатысты.

Ерлер және әйелдер турнирі қатар өтті, бірінші турда 8 топтық кезең (A–H), одан кейін 16-шы финал, ширек финал, жартылай финал және финал кезеңдері болды.

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин елімізге алтын медаль сыйлады. Финалда дуэт Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 (21:19, 21:16) есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан волейболшылары жастар арасындағы Азия чемпионатында алғаш рет топ жарды.

Бұған дейін біздің командалар тек күміс және қола жүлдеге қол жеткізген еді.