Израиль Иранның Фордоудағы ядролық нысанына тағы да шабуыл жасады.

Бұл уран байыту бойынша Ирандағы ең ірі зауыттың бірі. Әл-Жазира телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғындарға келер қауіп жоқ. Өйткені Тегеран Израиль тарапынан болатын кез келген шабуылға алдын ала дайындалып, сақтық шараларын күшейткен. Қызметкерлер түгел қауіпсіз жерге көшірілді. Иран билігі АҚШ пен Израиль тарапынан төнген қауіптің алдын алуға дайын екенін айтты.