Иран әскері Сирия Араб Республикасындағы АҚШ әскери базасына соққы жасағады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытайдың халықаралық жаңалықтар арнасы хабарлағанымен, бұл ақпарат АҚШ тарапынан ресми түрде расталмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша шабуыл Иранның АҚШ тарапынан жақында жасалған ядролық нысандарға бағытталған шабуылдарға жауабы болуы мүмкін. Вашингтон ол соққыларды Иранның ядролық бағдарламасын тежеу мақсатында жасалған деп түсіндірген.

Кейінірек бұл ақпаратты Иранның Mehr ақпарат агенттігі де растады.

Агенттіктің мәліметінше, шабуылдың нысанасы Сирияның батысындағы Хасеке провинциясында орналасқан Касрук ауданындағы АҚШ Қарулы күштерінің базасы болған. Дегенмен, шабуылды кім жасағаны туралы нақты ақпарат берілмеген.