Елордада Шыңғыс Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты, 21-29 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы екі бағытта тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылмақ.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Яғни, аталған көше маңында кептеліс пайда болатыны анық.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылмақ.