«Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамда оң өзгерістерге жол ашты. Атырау тұрғындары осындай пікірде.

Жергілікті тұрғындар заңсыздыққа көз жұмбайтын, азаматтық белсенділік танытатын орта қалыптасып келе жатқанына риза. Мәселен, Атырау облыстық Полиция департаментінің бастамасымен құрылған Telegram мессенджеріндегі «Белсенді азаматтар» чаты тыңғылықты жұмыс істеп тұр. Бұл чат арқылы тұрғындар заңсыздықтар туралы мәліметтерді бейнежазба не фото түрінде жолдап, тәртіп сақшыларына жедел жеткізе алады. Полиция департаментінің қызметкерлері тәулік бойы чаттағы ақпаратты бақылап, келген хабарламаларды дереу патрульдік полицияға бағыттайды. Мұның нәтижесінде заңбұзушылықтар жедел анықталып, тиісті шаралар қабылданады. Көпшілік бұл тәсіл халықтың құқықтық мәдениетін арттыратынына сенімді. Сонымен қатар ел аумағындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да қоғам тарапынан қолдау тапты.