Ипотеканың пайызын төмендету 1 қарашаға дейін шегерілді. Яғни 25%-дан 20%-ға дейін төмендету уақытша тоқтатылды. Тиісті қаулы жобасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің порталында жарияланды. Агенттік сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұрынғы шекті мөлшерлемелер қолданыста болады. Яғни ипотекалық тұрғын үйге берілетін қарыздың мөлшерлемесі әзірге 25 пайызбен қала береді.
Самал Қабышева