13 маусымнан бері Атырау облысында жалпы ауданы 805 га қамыс өртінің бірнеше ошағы сөндірілді.

Қазіргі уақытта Атырау қаласынан 37 км жерде шамамен 7 га алаңдағы өрт жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жетуі қиын жерлер, қамыстың қалың өсуі, екпінді жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Өртті сөндіруге ТЖМ мен табиғи резерваттың барлық қажетті күштері мен құралдары тартылды. Жұмыс басталғаннан бері ТЖМ авиациясы өрт ошақтарына 33 рет су төкті.

Өрт орынына жедел штаб жұмыс жасауда. Облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев өрт сөндіру жұмыстарын басқаруда.

Жағдай ТЖ министрлігінің тұрақты бақылауында.