Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2025 жылғы мамырда елдегі жылдық инфляция 11,3%-ға жетіп, сәуір айындағы 10,7%-бен салыстырғанда жеделдеді.
Инфляция 16 өңірде үдей түскен, 3 өңірде баяулаған, ал 1 өңірде өзгеріссіз қалған.
Ең жоғары инфляция Алматыда
Алматы қаласында жылдық инфляция 13,0%-ды құрап, республика бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
Азық-түлік бағасы
Азық-түлік тауарларының жылдық өсімі мамырда 9,6%-ға жетті (сәуірде — 8,5%). Ең жоғары өсім Ақмола облысында (11,4%), ең төменгісі Алматы қаласында (8,0%) байқалды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
Бұл санаттағы баға 9,0%-ға көтерілді (сәуірде — 8,9%). Түркістан облысында – 14,2%, ал Павлодар облысында – небәрі 5,4%.
Ақылы қызметтер
Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 16,0%-ға өсті (сәуірде — 15,7%). Алматы қаласында бұл көрсеткіш 22,5%-ға дейін жетсе, Алматы облысында – 11,3%.
Айлық инфляция
Мамыр айында жалпы инфляция 0,9%-ды құрады.