Смартфон толығымен АҚШ-та құрастырылған .
Дональд Трамптың ұлдары Дональд Трамп-кіші мен Эрик Трамп жаңа ұялы байланыс қызметі T1 Mobile жобасын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды The Trump Organization.
Жаңа байланыс қызметі "ең еңбекқор америкалықтарға" арналған деп сипатталады және "толығымен америкалық қызмет" деген ұранмен ұсынылуда.
Жобаның басты тарифі – The 47 Plan деп аталады. Оның ай сайынғы бағасы 47,45 долларды құрайды. Бұл тарифке келесідей қызметтер кіреді:
- шектеусіз қоңыраулар;
- АҚШ-тың ірі операторларының 5G желілерін қолдау;
- халықаралық тегін қоңыраулар;
- дәрі-дәрмек жеткізу;
- телемедицина қызметтері;
- Drive America серіктестігімен бірге жол үстіндегі тәулік бойы көмек көрсету.
Оқи отырыңыз: Kaspi Travel-дің жаңа сервисі. Қазақстан бойынша турлар
Оператор қызметінен бөлек, Trump Mobile командасы алтын түсті T1 Phone деп аталатын фирмалық смартфон шығаратынын да хабарлады. Бұл құрылғы биылғы тамыз айында сатылымға шығуы тиіс.
PhoneArena басылымының жазуынша, T1 атауы АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері жөніндегі басқармасында (USPTO) ресми тауар белгісі ретінде тіркелген, бұл жобаның нарықта байыпты түрде дамытылатынын көрсетеді.