17 маусымда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға жұмыс сапарымен ұшып келді.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

Өзбек көшбасшысы Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия – Қытай" форматындағы екінші саммитке қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфаксқа сілтеме жасап.

Кездесуге Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады. Саммиттің күн тәртібіне келесідей негізгі салалардағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелері кіреді:

  • саясат және қауіпсіздік,
  • сауда-экономикалық қатынастар,
  • мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл.

Қатысушылар сонымен қатар бүкіл Еуразиялық кеңістіктің тұрақтылығы мен дамуына әсер ететін өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады. Саммит қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды және одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын көрсететін бірлескен құжаттар қабылданады деп күтілуде.

Шара аясында Шавкат Мирзиёев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің екіжақты келіссөздері де жоспарланып отыр.Тараптар Өзбекстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету мәселелерін, соның ішінде түрлі салалардағы және перспективалық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылайды.