Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды .
Саммит жұмысына Орталық Азия елдерінің мемлекет басшылары мен Қытай төрағасының қатысады деп жоспарланған.
Саммит Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерінің бүкіл ауқымы бойынша пікір алмасуға бағытталған.
Бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Садыр Жапаровтың жұмыс сапары аясында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізетінін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, 16 маусымда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен екі күндік сапармен Қазақстанға келген болатын.