Алматыда пәтер тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, Алматыда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер тонады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Қаскөй үйге заңсыз кіріп, иесінің мүлкін ұрлап кеткен.
Полиция қызметкерлері мүліктік қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. "Заң және Тәртіп" қағидасы аясында бөтеннің мүлкіне қол сұққан барлық адамдар анықталып, заң аясында жауапқа тартылады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың қала аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Одан әрі тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр, — деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
Полиция азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Бұған дейін тас жолда есірткі курьері ұсталғанын жазған едік.