Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.