2025 жылы облыста жалпы құны 16,4 миллиард теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауран ауданы Шаға ауылдық округінде 2025 жылы ет өндіретін заманауи құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Eco-Chiken» ЖШС кәсіпорнына 2,5 млрд теңге инвестиция құйылды. Нысан 280 мыңға дейін құс ұстауға арналған.

Ведомство мәліметінше, жоба облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі ең ірі нысандардың біріне айналады.

«Кәсiпорын толық қуатқа шыққаннан кейiн облыс iшiндегi сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, республика бойынша жоғары сапалы құс етін жеткiзiп, Қазақстан нарығына шығуға мүмкiндiк алады деп жоспарланып отыр», — деп хабарлады министрлiктегілер.

Бұл жоба Түркістан облысы Сауран ауданын дамытудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Мұнда 2025 жылы барлығы 16,4 миллиард теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады.