Үшеуіне жалпы сомасы 24 миллион теңге айыппұл салынды .
Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы сотталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, "Тараз металлургия зауыты" серіктестігі бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М.Асан сотталды.
"Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, пара ұсынғаны үшін кінәлі деп танылды. Үшеуіне жалпы сомасы 24 миллион теңге айыппұл салынды", – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ірі алаяқтық жасады деген шетел азаматы Черногорияда ұсталды