Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2025-2026 оқу жылына қабылдау кезеңінің негізгі мерзімдері жарияланды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі ресми күнтізбені ұсынды.
Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.