Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы ҰҚКД және қалалық ПД қызметкерлері жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі.
"Бұл қылмыс кейінгі бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген. Қаскөйлердің негізгі мақсаты әлеуметтік жағынан осал топтағы әйелдерден, соның ішінде шетел азаматтарынан туған сәбилерді бала сатып алғысы келген адамдарға заңсыз жолмен беру болған", — деп жазылған хабарламада.
Күдіктілер жаңа туған ұл баланы қомақты ақшаға сатқысы келген. Олар ақша алу кезінде, яғни қылмыс үстінде ұсталды. Сәби мемлекет қамқорлығына беріліп, тиісті мекемеге орналастырылды.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіледі", — деді Алматы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!