Ресейдің Карелия аймағында 34 жастағы тұрғын түшкірмеймін деп өңешін жыртып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Gazeta.Ru мәліметінше, ол айналасындағы адамдардың мазасын алмас үшін мұрнын саусақтарымен жауып, түшкірігін тоқтатпақ болған. Сол сәтте мойны ісіп кетіп, қатты ауырсыну сезінген, салдарынан оған ауруханаға жүгінуге тура келді.

Рентген тексерісі жұтқыншақ жыртылғанын және кеңірдек алдындағы мойын тұсында ауа жиналғанын көрсетті.

Дәрігерлер түшкірікті күштеп тоқтатуға болмайтынын ескертті: бұл құлақ жарғағының жарылуына, тіпті ми аневризмасының жарылуына да әкелуі мүмкін.