Әлеуметтік желіде суреттерден коллаж жасап, группаластарымен кездесуді тағатсыздана күткен апаның видеосы жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Плакаттағы жазудан оның 1980 жылы оқу бітіргенін байқауға болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары жылы сөздерін жазып жатыр.

«Жүрегім елжіреп кетті. Бұл кісіні құшақтап, шайға шақырғым келіп отыр», «Тапты деп ойлаймын. Әйтпесе, жылап жіберетін шығармын. Не деген керемет апа!..», «Группаластарын тапса екен. Сосын бәрі бірге шай ішіп, жастық шақтарын еске алса ғой…», деп жазған оқырмандар.

@sharrrmn ♬ оригинальный звук — Gasanova Uma