Елімізде 9 946 377 ер, 10 406 888 әйел тұрады .

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі Қазақстан халқының саны туралы тың мәліметті жариялады.

Ведомство мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде 20 353 265 адам тұрады. 2025 жылғы 1 сәуірдегі деректер бойынша елімізде 20 333 530 адам тұрған. Демек, бір айда халық саны 19 735 адамға өсіп отыр. Сонымен қатар 12 856 783 адам қалада, 7 496 482 адам ауылда тұратыны белгілі болды. Еліміздің ең ірі үш қаласындағы халық саны:

  • Астана қаласы – 1 558 501 адам,
  • Алматы қаласы – 2 310 071 адам,
  • Шымкент – 1 271 228 адам.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ажырасу қымбаттайды. Сенат баж мөлшерін арттыру мәселесін қарап жатыр


Алматыдан кейінгі ең тығыз қоныстанған өңір – Түркістан облысы. Онда 2 151 581 адам тұрады.

Айта кетері, елімізде 9 946 377 ер, 10 406 888 әйел тұрады.