Әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген оқырмандарына алғысын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ақ-қараны ажыратып, жылы лебізін білдіріп жатқан жандарға ризашылығын жеткізген.
“Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рахмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл – шешім. Және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық”, – деп жазды Балжан Бидаш.