Әнші Әли Оқапов әкесі жайлы естеліктері мен ұлағат, өсиеті жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол әкесі дүниеден өтсе де, тәрбиесін әлі күнге дейін алып жүргендігін айтты.
"Оның жасаған жұмыстары, айтылған сөздері әлі де маған жетіп келеді. Таныстары , достары, бейтаныс адамдардың арқасында оның қалдырып кеткен мұрасы мені тәрбиелеуде деген мағынада. Шынымен де 26 жыл өтіп кетсе де, тіпті музыканттардан да, әкемнің оларға айтқан кеңестерін енді олар маған айтып жатыр. Әкең кезінде маған осындай нәрселерді көрсеткен еді. Енді мен саған көрсетейін дейді. Солай маған жетіп жатыр. Әлі де тәрбиелеп жүр бізді", — деді ол.
Желі қолданушылары Әлидің бұл жауабына риза болды.
"Әли де, Мәди де өте жақсы тәрбие алған", "Роза апайға ризамын, балаларының қазақшасы судай", "Қандай ақылды, санасы биік", "Әкесін сыйлап, әр естелігін жадында сақтап жүрген баладан қалай айналмайсың", — деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)