Шикізаттың құны бір аптада 18 долларға, ал бір тәулікте 4 долларға қымбаттады.
Шикізаттың қымбаттауына Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы әсер етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бүгін, 30 сәуірде нарықта Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 122,70 доллардан сатылып жатыр. Оның бағасы бір күнде 3%-ға көтеріліп отыр.
Себебі, әлемдік мұнай экспорттаушы алпауыт елдердің қоры сарқылып барады. Мұндай жағдай сұранысты арттырып, бағаның одан сайын өсуіне ықпал етіп отыр.
Бағаның құбылуына Біріккен Араб Әмірліктерінің ОПЕК құрамынан шығатыны туралы мәлімдемесінің де әсері бар. Ал, соңғы рет мұндай қымбат баға 2022 жылдың жазында рекорд болып тіркелген.