Ресейде несие бойынша мерзімі өткен төлемдердің көлемі 70%-ға бірақ өсті. Санкцияның 17-ші пакеті жарияланған соң мұнай бағасы тағы арзандап, инфляция артқан. Бүгінгі күні тұрғындардың банктердің алдындағы мерзімі өткен төлем көлемі екі триллион рубльге жеткен, ал қаржы ұйымдарынан несие алып, өтей алмағандардың саны жеті миллион адамға жуық. Ұлттық банк алдағы айларда инфляция 13 пайыздың көлемінде болады деп жоспарласа, сарапшылар 20 пайызға дейін жетеді деп отыр. Мамандар несие алатындарға талапты күшейтуді ұсынды.

Олеся Бакаева, экономист:

Жұмыс берушілердің 6,8 пайызы ғана айлықты көтеруді жоспарлауда. Ал қалғаны еңбекақыны өсіруді көздеп отырған жоқ. Доллардың қымбаттап, ұлттық валютаның құлдырауы, қымбатшылықтың белең алуы тұрғындарды тығырыққа тіреді. Сондықтан да азаматтар алған несиесін өтей алмай отыр.

Индира Бегайдар