Астанада Сарыарқа ауданындағы Оқжетпес көшесінде орналасқан үш қабатты жатақханада өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шақыру орнына жедел жеткен өртсөндірушілер жатақханаға жапсарлас салынған қазандықтың шатыры өртенгенін анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар өз бетінше эвакуацияланған.

ТЖМ күштерімен 1 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқиға орнында психологтар жұмыс атқарды. Өрт 60 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget