Мектеп оқушылары Олимпиадаға оның ресми сайтында 2 желтоқсанға дейін тіркеле алады.

Қазақстанның жоғары сынып оқушылары биыл алғаш рет өнеркәсіптік әзірлеу саласындағы халықаралық PROD олимпиадасына қатыса алады.

PROD – мектеп оқушыларына арналған әлемдік деңгейдегі алғашқы олимпиада Онда жоғары сынып оқушылары ауқымды технологиялық компаниялардың нақты бизнес міндеттерімен танысып, бағдарламалық жүйелер мен бизнес-үдерістерді автоматтандыруды үйреніп, ұйымдардың тиімділігін арттырып, шығындарын оңтайландыруға көмектесетін өз қолданбалары мен қызметтерін әзірлей алады. Олимпиадаға қатысу оқушыларға саланың жетекші компаниялары қалай жұмыс істейтінін түсінуге және болашақта бизнес саласындағы сын-қатерлермен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, PROD олимпиадасының қорытынды кезеңінен басқа кезеңдердің бәрі онлайн форматта өтеді. Ал финалға өткен қатысушылар командалық қорытынды кезеңге қатысу үшін Мәскеуге барады.

Мектеп оқушылары Олимпиадаға оның ресми сайтында 2 желтоқсанға дейін тіркеле алады. Қатысу үшін бағдарламалау бойынша терең білімнің болуы міндетті емес. Логикалық ойлау мен информатика пәнінің негізгі бағдарламасын білу жеткілікті.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегі мүмкіндіктерге ие болады:

  • Russian Language & Cultural Linguistics Programme – шетелдік қатысушыларға арналған тегін орыс тілі курстары. Ол мектепті аяқтап, 18 жасқа толғаннан кейін қолжетімді болады;
  • Ресейдің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Орталық университетке тегін түсу немесе "Ақпараттық өнімдерді жобалау және әзірлеу" бағдарламасы бойынша, сондай-ақ компьютерлік ғылымдар факультетінің өзге де ақылы бағдарламаларына жеңілдікпен оқу мүмкіндігі;
  • "Т-Технологиялар" компаниялар тобында тағылымдамадан өту үшін жеңілдетілген іріктеу кезеңі.

Оқи отырыңыз:

  • IQanat мектебі эндаумент қорға берілді. Бұл нені білдіреді
  • Нархоз университеті дайындаған оқушы Халықаралық экономика олимпиадасының жеңімпазы атанды