Париждегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жұмыс тобының үшінші отырысы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі директоры Эльза Пиличовскимен кездесу өткізді.

Жүздесуде елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен есептілігін нығайту, парасат мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің кәсіби­лігін арттыру бағытында кешен­ді шаралар жүзеге асырылып жат­қаны ай­тылды. Агенттік төрағасы мем­ле­кеттік басқару реформалары Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев айқын­да­ған «Заң мен тәртіп» және «Адал аза­мат» қағидаттарына сүйенетінін атап өтті.

Тараптар серіктестіктің алдағы жос­пар­ларын, атап айтқанда, еліміздің ЭЫДҰ Кеңесінің Қоғам­дық пара­саттылық және тәжірибе алма­суды кеңейту жөніндегі ұсынымы айна­ласында бірқатар мәселе талқылады.

Сонымен қатар Дархан Жазықбай мен Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институты (INSP) директоры Маривон Ле Бринонен мемлекеттік қызмет, басқарушылық кадрларды даярлау және ғылыми зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ниет декларациясына қол қойды.

Декларация Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институтының мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің құзыретін арттыру және мемлекеттік саясат саласында заманауи тәсілдерді енгізуді, әріптестік пен тәжірибе алмасуды көздейді.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыт­тарында мемлекеттік қызметші­лер мен мамандардың оқу бағдарламалары және құзыреттерін дамыту, бірлескен зерттеу жобалары, сондай-ақ форумдар, симпозиумдар, конференция­лар, сараптамалық кездесу­лер сияқты ғылыми және сараптама­лық іс-шараларды өткізу қарастырыл­ған. Оған қоса озық тәжірибе мен біліктілікті арттыру бағдарламаларымен алмасу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге арналған тағылымдамалар кіреді.

– Қазақстан Президентінің ұстаны­мы – адамға бағдарланған және сер­вистік мемлекеттік қызметті қалыптас­тыру. Осы бағытта біз халықаралық ынтымақ­тастықты, оның ішінде француз әріп­тес­терімізбен де диалогті кеңейтіп келеміз. Біздің мақса­тымыз – нақты нәтижесін беретін әрі мем­лекет­тік аппараттың тиімділігін арттыруға көмектесетін шешімдер енгізу, – деді Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.

Қол қойылған құжат мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби ынтымақ­тас­тықты нығайта отырып, білім, әдіс­нама және үздік тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтіледі.