Қазақстан Алатауда әуе такси қызметін іске қосу үшін eVTOL ұшақтарын сатып алады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aero, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойған. Осылайша Алатауда әуе такси жүйесін құру мақсатында шамамен 300 млн АҚШ долларына eVTOL ұшақтарын сатып алу көзделіп отыр.
Тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы әуе мобильділігі (Urban Air Mobility) жобасының негізі болмақ.
"Қазақстан инновациялық көліктің болашағына қадам басқалы отыр. eVTOL ұшақтарын сатып алу — смарт қалалар мен заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды кезең. Бұл шара Алатау қаласын жоғары технологиялы, бірегей қала ретінде дамытуға серпін береді", — деді премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, Joby Aero, Inc. (АҚШ) — eVTOL авиация саласындағы әлемдік көшбасшы, сертификатталған әуе таксилерінің әзірлеушісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от eVTOL.com (@evtolmag)
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!