Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойнын ұйымдастырғандар 40 миллион теңгеге жуық айыппұл төледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда заңсыз лотерея қызметін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіп келеді.

"Мониторинг нәтижесінде және жеке тұлғалардан комитетке түскен өтініштер негізінде биыл 89 адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған тұлғаларға ескерту хаттары жолданып, офлайн және онлайн форматтарда кездесулер өткізілді. Әлеуметтік желілерде ұтыс өткізген парақшалардың тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланған", — деп жазылған хабарламада.

Министрлік мәліметінше, хаттамамен келіскен жағдайда олар айыппұлды өз еркімен төлейді, ал келіспеген жағдайда іс сотқа жолданып, сот тәртібімен қаралады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget