Қарағандыда 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен өтіп жатқан сот процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс судья Арғын Құтышевтың төрағалығымен қысқартылған тәртіпте қаралып жатыр.

Айыпталушы соңғы сөзінде сөйлеп, кінәсін мойындағанын және кішкентай баласы бар екенін ескеруді сұрады.

– Мен тағы да ренжіткен барлық адамдардан кешірім сұрағым келеді. Өте қатты ұялып тұрмын. Не айтарымды да білмеймін. Қатты өкінемін. Соттан үкім шығарғанда менің кінәмді толық мойындағанымды, шын өкінетінімді және кішкентай қызым бар екенін ескеруді сұраймын.

Адам қолда барынан айырылған кезде ғана бағалай бастайды. Мақсатқа, жетістікке ұмтылып жүріп, өмір сүруге үлгермей қаласың, қызымды ата-анама тастап кететінмін. Қазір мен бәрін беруге дайынмын, тек қасында болсам екен, – деді айыпталушы.

Үкім бүгін, 17:00-де жарияланады.