Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық байланысты нығайтады. Еліміздің премьер-министрі Олжас Бектенов АҚШ президентінің арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті.

Тараптар түрлі салаларда ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Өнеркәсіпте, цифрлық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, су және тағы басқа салаларда байланысты тереңдету шаралары қаралды. Бұдан бөлек Цифрлық индустрия және ЖИ технологиялары бойынша іс-қимыл басым бағыт болып айқындалды. Бұл бағытта Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы басты алаң ретінде алынып отыр. Ол Apple, Google және тағы да басқа алпауыттардың басын біріктіреді. Жалпы Ұлттық банктің мәліметінше, 1993 жылдан бері АҚШ-тан біздің елге 61 млрд доллар тікелей инвестиция құйылған. Соңғы бес жылда өзара сауда көлемі екі есе артып, 4,2 млрд долларға жетті.