Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ширек финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы — Беларусь өкілі Арина Соболенкомен өзара мықтыны анықтады.
Кездесу екі сетке созылып, Арина Соболенко 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!