Биыл көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы көлемі 6,5%-ке ұлғайды, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен биыл алтын құрсақты аналарға жалпы 354 млрд теңге төленеді. Осындай мемлекеттік көмекті 846 мың отбасы алады.

Қазақстанда 4 перзент сүйген аналар ай сайын 63 мың теңге алады. Ал 5 балалы аналарға 78 мың, 6 баласы барларга 94 мың беріледі. Сондай-ақ күміс, алтын алқа иелері, «Батыр ана» атағы барлар мен «Ана даңқы» орденін иеленген нәзік жандылар жәрдемақы алады.