Қазір елдегі жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 3 мың мегаваттан асады. 156 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Былтыр бұл нысандар елдегі қуат көлемінің 7 пайызға жуығын берді. 7,58 млрд киловатт/сағат энергия өндірді. Биыл 9 нысанды іске қосу жоспарланған.
Бұлардың жалпы қуаты – 455 мегаватт. Әзірге үшеуі қолданысқа берілді. Шетелден инвестор тартуға баса көңіл бөлінген. Қазір қаралып жатқан инвестжобалардың қуаты 5 гигаватқа жуықтайды. Ал 2035 жылға дейін кемінде 8,4 гигават болатын энергия көздері жұмысын бастауға тиіс. Сонымен қатар шағын күн немесе жел станцияларын қолдану арқылы өзін-өзі энергиямен қамтып, артығын сатып отырған кәсіпорындар бар. Былтыр бұл бағытта жасалған келісімдер саны екі есе артып, 47-ден 103-ке жетті. Осылайша, шағын станциялардың қуаты 6 МВт-дан асты.