Желіде Алматы облысында "қыз алып қашқандар" жол апатына түсті. Салдарынан қалыңдық қайтыс болды. Ақпаратты Алматы облысы ПД растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысындағы жол апатының кадрлары "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында жарияланған. Жол апаты 24 мамырда ҮАААЖ автожолының 36 километрінде сағат 18:00-де болған.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің дерегінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала деректер бойынша KIA автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz автокөлігіне соғылған. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып қалған.

"Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz жолаушыларының бірі оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші және екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деді ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.