Қазақ-қытай әріптестігі барлық салада жоғары деңгейге шығып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресеғ білім-ғылым бағытын ерекше атауға болады. Мәселен Алматыда Қытайдың «Солтүстік-Батыс» политехникалық университетінің филиалы ашылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында орын тепкен филиалда «материалтану және телекоммуникация» бойынша қос дипломды магистрлік бағдарламалар жүзеге асады. Сондай-ақ Астана халықаралық университетінде «Пекин тіл және мәдениет» университетінің филиалы ашылды. Бұған қоса, еліміздің бірқатар өңірінде «Конфуций» институттары жұмыс істей бастады. Сонымен қатар былтыр Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі филология факультетінде «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасы құрылды. Бұдан бөлек, Өскеменде Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Лу Бань» шеберханасы ашылды. Ол заманауи қытайлық құрылғылармен жабдықталған.

Алматыдағы ҚазҰУ – Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды

Алматыдағы ҚазҰПУ – Қытай тілі және қытайтану кафедрасы ашылды

Астанадағы AIU – Пекин Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды

Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе – Конфуций институты ашылды

Өскемен ШҚТУ-да «Лу Бань» шеберханасы ашылды.