АҚШ палестиналық төлқұжат иелеріне виза беруді уақытша тоқтатты .
Бұл туралы (Зэ Нью Йорк Таймс) The New York Times басылымы хабарлады. Шектеулер білім алу, іскерлік сапар, туыстарға бару және емделу мақсатындағы визаларға қатысты. Бұған дейін берілген құжаттар өз күшін жоғалтпайды. Жаңа шара жайлы барлық елшіліктер мен консулдықтар хабардар етілген. Бұған дейін АҚШ Палестина ұлттық әкімшілігі өкілдеріне, оның ішінде президент Махмуд Аббасқа виза беруді шектейтінін мәлімдеді. Бұл қадам Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы қарсаңында жасалды. Себебі онда бірқатар ел Палестинаның дербестігін мойындайтынын айтқан еді.