Қарағанды облысында инженерлік желілердің 62 проценттен астамы тозған.

Осыған байланысты 218 шақырым электр желісі жаңартылып, Теміртауда 16 шақырым жылу құбыры ауыстырылады. Бұның бәрі «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады. Бес жылға есептелген жоба республиканың өзге аймақтарын да қамтиды.

Тимур Қосымбаев, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:

- Инфрақұрылымды дамыту қашанда басты назарда. Ұлттық жоба Қарағанды облысында пилоттық негізде жүзеге асып жатыр. 2025-2029 жылдар аралығында 13 триллионнан астам теңгені игеру жоспарланған.