Елде бала туу көрсеткіші төмендеп барады. Соңғы 3 жылда дүниеге келген сәбилердің саны едәуір азайып кеткен. Мұнын себебін әріптесім анықтауға тырысты.

Ұрпағыңмен мың жаса, тұқымың өссін дейтін халықтың бұл күнде тынысын ашатын, ұрпағын жалғайтын сәбилер саны қысқарып барады. Мәселен, 2014 жылы елімізде 399 мыңнан астам шақалақ өмірге келген. 2021 жылы да қазақстандық 445 мыңнан астам отбасы шілдехана жасап, сүйіншіледі. Бірақ былтыр жарық дүние есігін ашқан нәрестелер саны 366 мыңға күрт қысқарды. Осылайша он жылда ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Үміт Қожахметова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің бас сарапшысы:

Экономиканың тұрақсыз кезеңінде 1990 жылы туылған қыз-келіншектер қазір белсенді репродуктивті жаста. Яғни ол 20-29 жасты құрайды. 2021 жылдан бастап ол көрсеткіш азайды. Сол себепті туу көрсеткіші төмендеген.

Яғни 90-жылдардағы құбылмалы кезең бүгінімізге әсер етіп жатыр. Бала аз туылған. Олдан бөлек бүгінде бедеулік те белең алған. Елде 28 мың адам осы себепті сәби сүйе алмай жүр.

Қымбат Оразымбетова, Гинеколог-репродуктолог:

Неғұрлым кеш құрылған тұрмыс соғұрлым бедеулікке шалдығады. Некелі жұптардың ішінде 16 пайызы өз еркімен бала көтере алмайды. Алдынғы жылдары 12-16 пайыз деп берілген. Бұл халықтық мәселе. Демографияға кері әсерін береді.

Тәжірибелі дәрігер жастар жүктілікке алдын ала дайындалмайды дейді. Осының салдарынан жүкті 10 әйелдің 6-ы бойына біткен баладан айырылып қалуы мүмкін екенін алға тартты. Жасанды жолмен ғана бала сүйе алатын өрімдей жас отбасылар көбейіп келетініне қынжылды.

Алдияр Мәлік, Жеке клиниканың репродуктивті технологиялар бөлімінің меңгерушісі:

2016-2017 жылдары жасы 30-дан асатын. Қазіргі таңда 2000-2004 жылғылар келіп жатыр. Неше түрлі факторлар болады. Еркектер өзін тексертуге ұялады. Бала болмаса әйелден деп ойлайды. Бірақ қазір бедеулік бірдей болып жатыр. 50 пайызы еркектен, 50 пайыз әйелден.

Министрлік 2035 жылға қарай жағдай тұрақталады деп отыр. Себебі, ел ішінде 2003-жылдан бері демография өскен. Олар алдағы 10 жыл ішінде бала тууға мүмкіндігі бар аналардың санын көбейтеді.

Алдияр Айтпай