Instagram әлеуметтік желісінде әлемде бұрын соңды болмаған жаңа қан тобы табылғаны туралы дерек тарап жатыр. Желідегі жазбаларда жаңа қан тобы үндістандық азаматтан анықталғаны жазылған. Ақпаратты Factcheck.kz тексеріп көрді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпаратты алғаш таратқан The Indian Express басылымы Кромер деп аталатын қан тобы жүйесінде бұрын-соңды болмаған жаңа антиген анықталғаны туралы жазған. Табылған антигенге CRIB деген атау берілген ("CR" — "Кромер", ал "IB" — "Үндістан").

Анықталған жаңа қан тобы емес, оның жүйесіндегі жаңа антиген екенін ескерсек, ақпарат манипуляция деген қорытындыға келеміз.

The Indian Express басылымы шілденің 30-ы күні жаңа антиген алғаш рет Үндістанның 38 жастағы әйелге ота кезінде анықталғаны туралы ақпарат жариялады. Науқастың қан тобы — O Rh+, яғни ең жиі кездесетін қан тобы болатын. Алайда O Rh+ топтағы қандардың ешқайсысы оған үйлеспегенін жазылған. Осыдан кейін аурухана қызметкерлері Bangalore TTK қан орталығы жанындағы Жетілдірілген Иммуно-гематологиялық Референс Зертханасына (Advanced Immunohematology Reference Laboratory) зерттеуді жолдаған. Үндістандық басылым кейін, зерттеуді Ұлыбританияның Бристоль қаласындағы International Blood Group Reference Laboratory (IBGRL) зертханасына жібергені туралы жазады. Мақалада он ай бойы жүргізілген молекулалық зерттеу мен талдаулар бұрын-соңды кездеспеген белгісіз қан тобы антигенін анықтағанын көрсетіледі.

Сондай-ақ, үндістандық басылымда 2025 жылдың маусым айында Италияның Милан қаласында өткен Қан құю жөніндегі халықаралық қоғамның (ISBT) аймақтық 35-конгресінде жарияланып, дүниежүзінде CRIB антигені анықталған бірінші адам тіркелгені жазылған. CRIB атауы Кромер қан тобы жүйесіне жататындықтан берілген ("CR" — "Кромер", ал "IB" — "Үндістан").

Factcheck.kz редакциясы IBGRL мен ISBT поштасына ақпаратты нақтылау үшін хат жолдады. Материал жазылып жатқан тұста жауап келмеді. Зертхана мен қан құю жөніндегі халықаралық қоғамының жауабына байланысты үкім өзгеруі мүмкін.

Антиген мен қан тобының айырмашылығы неде?

Қан топтары — қан топтары жүйесінен тұрады. Бір қан тобында бірнеше жүйе болуы мүмкін. Ал, қан топтары жүйесі — бұл белгілі бір генмен бақыланатын антигендерді қамтиды. ABO, Rh, Kell және сирек кездесетен CR секілді антиген жүйелері бар. Қан тобы жүйелерінің антигендері — бұл эритроцит (қызыл қан жасушасы) сыртында орналасқан қанттар немесе ақуыздар. Олар жасуша қабығына жабысып тұрады. CR немесе Кромер деп аталатын қан тобы жүйесі өте сирек кездесетін болғандықтан, медиада оның жаңа антигені табылғаны кеңінен жазылып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget